Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу

Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым-меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда күндізгі ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) - облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым-меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға.


Уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым-меншік нысанына қарамастан, ұйымда тәулік бойы уақытша (бір жылдан аспайтын мерзімде) болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға;

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым-меншік нысанына қарамастан, қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше жолмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталға кіру немесе тіркелу

2. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтіңіз

3. Электрондық сұрау өрістерін толтырыңыз

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ)қол қою

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Бір реттік парольді қолдану:

1. Порталға кіру немесе тіркелу

2. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтіңіз

3. Электрондық сұрау өрістерін толтырыңыз

4. Өтінімді толтыру және оған бір реттік СМС-парольдің көмегімен қол қою (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, мобильді азаматтар базасында тіркелуі міндетті);

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.