Алтынсарин ауданының әкімі А. Сартов Қостанай облысының Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің алаңында сөз сөйледі.
"Биыл жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға 772 млн теңге қарастырылған.
- Аудан бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 507,3 км. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 120 км немесе 56%, кентішілік жолдардың үлесі - 48 км немесе 31% құрайды".
"Ағымдағы жылға бөлінген қаражат шеңберінде "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша 176,7 млн теңге сомасына ұзындығы 4,7 км Б-Чураковка ауылындағы ауылдың 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыстық бюджет есебінен Щербаков және Силантьевка ауылдарында ұзындығы 4 км 7 көшені орташа жөндеу бойынша 157,5 млн теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде."
"826,8 млн теңге сомасына аудандық маңызы бар "Зуевка-Танабаевский-Воробьевский 0-16 км" автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу бойынша екі жылдық жобаны іске асыру басталды. Ағымдағы жылы 329 млн теңге игерілді, қазіргі уақытта Щербаков ауылынан Сатай ауылына дейінгі 88 млн теңге сомасына аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда.",- деп А. Сартов атап өтті.