Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен Қостанай облысының әкімі келді

Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен Қостанай облысының әкімі келді

15 қарашада Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен Қостанай облысының әкімі
Қ.І. Ақсақалов келді.
Сапар барысында Щербаков ауылындағы “GreenHouse” демалыс орталығының құрылысын, Большая Чураковка ауылындағы ауылдық Мәдениет үйінің құрылысын, “Свердловка -Зуевка-Танабаевское ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы” және “Большая Чураковка ауылын газдандыру” жобаларын тексерді. Щербаков ауылында тұратын 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы Коцюба отбасына бардық. Сондай-ақ, 2022 жылдың қыркүйегінде күрделі жөндеуден кейін оқушыларға есігін ашқан Щербаков ЖББ мектебін тексерді.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы” Жарлығын орындау шеңберінде Силантьевка ауылында облыс әкімінің Алтынсарин ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті, онда мен Алтынсарин ауданының 2023 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылдың соңына дейінгі жоспарлары туралы баяндаманы оқыдым. Сондай-ақ, “Олжа” ЖШС өңірлік директоры, В.Фицнер және “Балталы Ltd” ЖШС директоры А. Шамухан баяндама жасады.
Жұмыс сапарының соңында Қ.І. Ақсақалов ауданымыздың ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті.