2023 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті. Мерейтойлық азаматтар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді.
Алтынсарин ауданында Достановтар отбасында да бала дүниеге келді.
Алтынсарин ауданы әкімі А.Сартов құттықтап, балаға зор денсаулық және жас отбасына амандық тіледі.