Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

2015 жылғы 2 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Осыған орай «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң ) 41-бабы 5-тармақпен толықтырылды. Яғни, коммерциялық емес ұйымдар (бұдан әрі – КЕҰ), сонымен қатар шетелдiк және халықаралық ұйымдар, жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдармен мәліметтерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі және азаматтық қоғам министрінің «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен реттеледі.

Жоғарыда аталған Ережелермен және Әдістемелік ұсынымдармен infonpo.gov.kz. ақпараттық ресурсында жан-жақты танысуға болады.

Осы ретте, уәкілетті органға КЕҰ-ның, сонымен қатар шетелдiк және халықаралық КЕҰ филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерi) мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы әкімшілік жауапкершілікті, оның ішінде үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруды қарастырады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабы).