"Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті қамтамасыз ету тәртібі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі  2 (екі) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 6 (алты) жұмыс күні, оның ішінде: мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады."Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ветеринариялық-санитариялық қорытындыны және "бір өтініш" қағидаты бойынша есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш береді. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіндегі тиісті мәртебе өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,

Толық ақпаратты Алтынсарин аумақтық инспекциясынды алуынздарға болады – Обаған ауылы , Стройтельная көшесі, 2 үй  т. 8 (71445)34-1-02 жұмыс кестесі - дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін