Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №1019 Жарлығына сәйкес Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы сайлаушылар үшін Call-орталық ашылды.

Сайлау өткізуге, сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерді қосуға және алып тастауға, сондай-ақ оларды нақтылауға байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша сіз дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін 8 (71445) 34-2-03 Call-орталығының телефондарына хабарласа аласыз.