Құрметті Алтынсарин ауданының Силантьев ауылының тұрғындары!!!

Құрметті Алтынсарин ауданының Силантьев ауылының тұрғындары!!!

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Силантьев ауылында жер учаскесі және аула құрылыстары бар тұрғын үй сатып алуды жүргізеді.

Жалпы талаптар:

  1. Тұрғын үй (тұрғын үйдегі кемінде алты тұрғын бөлме). Тұрғын үйдің орналасқау жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылдықа округі, Силантьев ауылы: қайталама, салынған жылы: 1988 жылдан ерте емес, тұрғын үй алаңы: 126,8 ш.м. кем емес, жер учаскесі және аула құрылыстары бар.

Инженерлік коммуникациялардың болуына қойылатын талаптар:, суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, су бұру. Есептеу құралдарының болуы: электр және суық су. Коммуналдық қызметтер үшін қандай да бір берешектің болмауы.

Тұрғын үйді әрлеуге қойылатын талаптар: таза әрлеуі бар тұрғын үй, оның ішінде қабырғаларды тұсқағаздармен желімдеу немесе су эмульсиялы бояумен ақтау, еден жабынының болуы (линолеум, ламинат, паркет және т.б.), розеткалардың, ажыратқыштардың болуы, ішкі жарықтандыруды шығару нүктелерінде жарықтандыру аспабының болуы.

Тұрғын үйдің жағдайы: Жөндеуді қажет етпейді.  Тұрғын үй сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, Қазақстан республикасының Тұрғын үй заңнамасында белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Тұрғын үйдің құқықтық мәртебесіне қойылатын талаптар: тұрғын үй жеке меншік құқығында, үшінші тұлғалардың ауыртпалықтары мен шағымдарының болмауы, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлік (тұрғын үй) объектісін бағалау туралы есептің көшірмесі болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) электрондық - цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ); тұрғын үй иесі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ХҚКО) жеке куәлікпен жүгінуге; (өзімен бірге «флешка» электрондық ақпарат тасығышын алуға»);

2) жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесі; ;

3) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері, оның ішінде техникалық паспорт;

4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен ерте емес берілген тұрғын үйге ауыртпалықтың жоқтығы туралы құжаттың электрондық көшірмесі; ;

5) тұрғын үйдің ағымдағы жай-күйінің фото-суреттерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлік объектісін (тұрғын үйді) бағалау туралы есептің көшірмесі;

6) жұбайының нотариалды куәландырылған келісімінің электрондық көшірмесі не некеде болмау (ерлі-зайыпты болу) туралы нотариалды куәландырылған анықтаманың электрондық көшірмесі немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе жесір қалғандығын растайтын куәліктің электрондық көшірмесі.

Конкурсқа қатысу үшін - 2018 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне сәйкес 61 260 теңге 20 (АЕК) төлем енгізу міндетті болып табылады.

 

Аудару арқылы төлемдерді енгізуге арналған деректемелер:

Электрондық қаржы орталығы « АҚ»

БСН 071140005693

IBAN KZ736010111000171681

Қазақстан Халық Банкі « АҚ»

БИК HSBKKZKX

Кбе 16

СТК 859 (басқа топтамаларға енгізілмеген кәсіби, ғылыми және өзге де техникалық қызметтер, оның ішінде коммерциялық қосалқы қызметтер))

Төлем мақсаты: мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызмет үшін ақы төлеу

Ауыстыру негізі: 2018 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 17-бабының 3-тармақшасы.

Төлем сомасы: 61 260 теңге

Барлық сұрақтар бойынша: «Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 34-1-29