«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы оқушыларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында "Мектепке жол" республикалық акциясы өткізіледі.

 Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағыттағы бастама "Мектепке жол – шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі.

Біз ауданымыздың барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге қомақты үлес қосу туралы ұсынысымызды білдіреміз.

Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын Алтынсарин ауданының білім бөліміне (мекенжайы: Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А, тел.: 8(714-45) 49-0-08) немесе тікелей білім беру ұйымына (мектептерде гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған) хабарласуларыңызды сұраймыз.

Егер сізде мектепті тастап кеткен, оқымайтын, қайыр сұрайтын, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәліметтер болса, Алтынсарин ауданының білім бөлімінің "сенім" телефонына 8(714-45 )49-0-08 хабарлауды сұраймыз)