«СөйлеTime» клубының кездесуі

«СөйлеTime» клубының кездесуі

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ ағымдағы жылдың 21 шілдесінде жоспарға сәйкес «Тіл –татулық тірегі» атты қазақ тілін еркін форматта үйрететін «СөйлеTime» клубының кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында түрлі  тапсырмалар арқылы көңілді әрі жағымды орта орната алды. Алғашқы маусым бойы клубта белсенділік танытқан мүшелеріне алғыс жарияланып, марапаттаумен 1-маусым өз мәресіне жетті. Мемлекеттік тілді меңгеруге талпынып жатқан клуб мүшелеріне сәттілік пен жұмыстарына жеміс тілейміз.