Мемлекеттік органдардағы «сенім телефондарының» жұмыс істеуін талдау қорытындылары

Мемлекеттік органдардағы «сенім телефондарының» жұмыс істеуін талдау қорытындылары

Әдеп жөніндегі кеңеспен «Мемлекеттік органдарда «сенім телефондарының» жұмыс істеуіне талдау жасау қорытындылары туралы» мәселе қаралды.

 

Департамент Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «ГрИн» Азаматтық Альянсы ҚҚ төрайымы Динара Өтебаевамен бірлесіп, облыстың 72 мемлекеттік органдағы «сенім телефондарының» жұмыс жағдайына талдау жасады. Нәтижесінде 52 мемлекеттік органда «сенім телефондары» тиісті түрде жұмыс істейтіні, ал қалған 20-да жасанды сипатта екені анықталды.

 

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер сенім телефонына жауап берген кезде өздерін таныстырмайды немесе азамат қандай мемлекеттік органға қоңырау шалғанын хабарламайды, сондай-ақ «сенім телефоны» жауап бермейтін фактілер де бар.

 

Сонымен қатар Қостанай облысының аппаратында, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында және Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде «сенім телефондары» тиісті деңгейде жұмыс істейді, - деп хабарлады Әдеп жөніндегік кеңестің мүшесі-баяндамашы Динара Өтебаева.

 

Қорытындылай келе, Әдеп жөніндегі кеңес облыстың барлық мемлекеттік органдарына мемлекеттік қызметшілерді телефон әдебі бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстыру, «сенім телефондарының» жұмысы бұзылған мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты жандандыру және рөлін арттыру бойынша ұсынымдар шығарды.