Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 11 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 39 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 09 % құрады.

Ауырғандар: Рудный қ. – 12, Қостанай қ. – 9, Қостанай ауданы – 7, Қарабалық ауданы – 3, Арқалық қаласы, Алтынсарин және Мендықара аудандарында – 2, Жітіқара қаласы және Федоров ауданында – 1. 

36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 3 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған. 

Індет жұқтырғандардың ішінде 38 адамда ауру белгілері болды, 1 жағдай -белгісіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында COVID-19-дың 41 656 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 41 283.

2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 347 404 адам, екінші компонентпен 330 371 адам вакцинацияланды.