арантин шараларын жеңілдету бойынша

арантин шараларын жеңілдету бойынша

2021 жылдың 20 қазанынан бастап:

Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.

Түнгі клубтардың қызметі тек толымдылығы 50%-ға дейін «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі, бірақ:
- «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес;
- «сары аймақта» 70 адамнан артық емес;
- «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің:
- жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 05-00-ге дейін,
- «сары аймақта» сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 03-00-ге дейін ұзартылады.

 

© Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі