Мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир

Мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир

Ағымдағы жылдың 8 қазанында Алтынсарин БЖСМ базасында спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Парасаттылық марафоны» шеңберінде мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер арасында волейболдан турнир өтті. Оған мемлекеттік мекемелердің 4 командасы қатысты: ауылдық округ және ауыл әкімдері, әкім аппаратының және мәслихат аппаратының құрама командасы, Әлеуметтік сала командасы және аудан әкімдігі бөлімдерінің құрама командасы.

Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын әкімдік бөлімдерінің құрама командасы

2 орын ауыл және село әкімдерінің командасы

3 орын аудан әкімі және мәслихат аппаратының құрама командасы Жеңімпаздар командасы «Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ кубогымен, грамоталар және медальдармен марапатталды.