Отбасы - бүкіл халықтың бақытты өмірінің негізі. Отбасы күні Қазақстанда 2013 жылы белгіленді және сол сәттен бастап қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі атап өтіледі. 2021 жылы бұл күн 12 қыркүйекке келеді.
Елбасы кітапханасы рухани және мәдени дәстүрлерді сақтайтын, ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын ретінде отбасы ошағының маңыздылығы мен құндылығы туралы бейнеролик дайындады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: "Бақыт үйге жиһаз емес, ондағы тәртіп, өзара құрмет пен отбасындағы келісім әкеледі", - деді.
2021 жылдың бірінші тоқсанында ғана Қазақстанда 100,5 мың бала дүниеге келді.
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстан халқының саны Тарихи межеден өтті: Алматы облысынан Жания Азаматқызы 19 миллионыншы азамат болды!",- деп атап өтті Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев.
Қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтаймыз және барлығына мықты денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз. Бақытты отбасы-гүлденген Қазақстан!