Ауданымызда ашық диктант өтті

Ауданымызда ашық диктант өтті

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйекте еліміздің барлық өңірлерінде  "Тәуелсіздік —басты құндылығымыз" атты жалпықазақстандық ашық диктант өтті

Ауданымызда аталған ашық диктант «Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-нде  ұйымдастырылды. Диктанттың негізгі мақсаты –этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту арқылы  қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту міндеттерін арқалаған шараға  ауданымыздың түрлі сала қызметкерлерінен өкілдер  қатысып жақсы нәтиже көрсетті, белсенділік танытты.

 

  «Алтынсарин ауданы әкімдігінің
 тілдерді оқыту орталығы» КММ