Ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Іс-шара аудан әкімінің орынбасары Сарин Әділбек Сағындықұлының қатысумен өтті.
Шараны өткізудің мақсаты - бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді кіші отанын дамытуға ынталандыру және меценаттық пен қайырылымдылық идеяларын насихаттау.
«Жомарт жүрек» сыйлығы 3 номинация бойынша табысталды:
«Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясында «БЕК-Нур-АГРО» шаруа қожалығының директоры Сейтова Айгүл Жақсыбайқызы марапатталды. Ол мұқтаж балаларға жан-жақты көмек көрсету, дене шынықтыру және бұқаралық спорт саласындағы қызметке жәрдемдесу, діни ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету, аз қамтылған мүгедектердің материалдық жағдайын жақсарту бойынша қайырымдылық жұмысын жүргізеді.
«Туған өлке» номинациясында «Зуевка» ЖШС директоры Бородин Александр Иванович марапатталады. Ол Зуев орта мектебін жөндеуге қаржылық көмек көрсету, «Мектепке жол» акциясы бойынша қаржылық қолдау, кіші отанға көмек көрсету бойынша үлкен жұмыс жүргізеді. Өткен жылы пандемия кезінде аудандық ауруханаға ИВЛ аппаратын сатып алды.
«Туған өлке» номинациясында «Мезенцева Наталья Владимировна» ШҚ басшысы Мезенцев Евгений Владимирович марапатталады. Ол спортшыларға және Докучаев мектебінің жөндеу жұмыстарына демеушілік жасап, «Мектепке жол» акциясы бойынша қаржылық көмек көрсеткен болатын.
Осындай жанашыр жандарды насихаттай отыра ауданымызда қайырымдылыққа үлес қосатын азаматтар мен азаматшалар көбейеді деп ойлаймыз. Бұл сыйлықтың берілуінің негізгі мақсаты да осы.