Вакцинация коронавирустық мутацияны бұғаттаудың бір әдісі деп аталады

Вакцинация коронавирустық мутацияны бұғаттаудың бір әдісі деп аталады

Халықты жаңа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау вирус мутациясының таралуын тежейтін жолдардың бірі болып табылады. Бұл туралы Коммунаркадағы (Мәскеу, РФ) аурухананың бас дәрігері Денис Проценко мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Қазіргі заманғы вакцина жаңа штамдар үшін өзектілігін жоғалтпайды. Керісінше, вакцинация мутацияның таралуын тоқтатудың бір жолы", - деді Проценко"Комсомольская правда" радиосына берген сұхбатында. Оның айтуынша, вирустың мутациясы оның табиғи эволюциясы болып табылады. Проценко қазіргі уақытта Коммунаркадағы ауруханада коронавируспен ауыратын науқастар санының төмендегенін атап өтті. "Бізде таңертең 782 науқас бар. Не алаңдатады: осы 782 науқастың 250-і реанимация бөлімінде, 110-нан астам пациент өкпені жасанды желдетуде, 5 жас пациент экстракорпоральды мембраналық оксигенацияда. Мүмкін, бұл аурудың төмендеуі және ауруханаларда ең қолайсыз болжамдары бар ауыр науқастар шоғырланған кездегі тән үрдіс шығар", - деп толықтырды Проценко. Ол аурухана қызметкерлерінің 68%-ы COVID-19 вакцинациясынан өткенін атап өтті.