«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты

«Тәуелсіздік ұрпақтары»грантын беру қағидалары

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына 2-қосымша

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Тәуелсіздік ұрпақтары"грантын тағайындау конкурсын бастады. Өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Жыл соңына дейін әрбір грантқа 3 млн.теңге сомасына 30 грант берілетін болады.

Грантты алуға конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте 14 жастан 29 жасқа дейінгі ҚР жас азаматтары үміткер бола алады.

 

Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

"Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

"Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

"Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

"Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

"Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

 

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері қағаз нұсқада мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, "Министрліктер Үйі" Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс), 8717274-05-25, 87058223333; электрондық нұсқа: generation.kaz@gmail.com.

 

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);

3) шығыстар сметасының жобасы;

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.

 

Толығырақ ақпарат ("Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау қағидалары және т.б.) бейіндегі сілтеме бойынша қолжетімді.