Алтынсарин ауданының әкімдігі жер телімдеріне жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

Алтынсарин ауданының әкімдігі жер телімдеріне жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

«АУКЦИОН»

Жалпы саны 3 лот бойынша уақытша  объектілердің орналастыруы  үшін мерзімі 6 жылға жер учаскелеріне жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді.

Аукцион 2021 жылы «9» тамызда сағат 15-00-де өтеді.

№ 1 ЛОТ – авто газ құю станциясын орналастыру үшін Алтынсарин ауданы, Щербаково ауылы,  «Екатеринбург-Алматы» жол бойында 589 км, мекенжайы бойынша орналасқан, жер учаскесі ауданы 0,12 га, лоттың жалдау құқығын сатып алудың бастапқы бағасы – 125923 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері – 145850 теңге. Пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар – Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.

№ 2 ЛОТ – қойма құрылысы үшін Алтынсарин ауданы, Свердловка селосы, мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі ауданы 0,50 га, лоттың жалдау құқығын сатып алудың бастапқы бағасы – 218742 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері – 145850  теңге. Пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар – Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.

№ 3 ЛОТ – өндірістік объектілердін құрылысs үшін Алтынсарин ауданы, Первомай ауылы,   мекенжайы бойынша орналасқан, жер учаскесі ауданы 1,0 га, лоттың жалдау құқығын сатып алудың бастапқы бағасы – 340872 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері – 145850 теңге. Пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар – Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.

Кепілдік жарна депозит есебіне енгізіледі.

ЖСК KZ360705034630504006, БСК KKMFKZ2A, БСН 060140006508, «ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті» Алтынсарин аудандық қазынашылық комитеті РММ, алушы – «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ КБЕ 12. КНП 171

Қалған сома жалдау құқығын сату туралы шартқа қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленеді.

Жер салығының базалық ставкасында қолданылатын коэффициентінің түзету есебіне байланысты жыл сайынғы жалдау ақысы жер салығының 100% көлемінде белгіленеді.

Жер учаскелеріне жалдау құқығын сатудың шарттары: Нысаналы мақсатына сәйкес міндетті пайдалану, санитарлық, өртке қарсы, ветеринарлық, экологиялық талаптарды, қауіпсіздік ережелерін, сауда туралы заңнаманы және заңнамамен белгіленген ережелерді, басқа да нормаларды сақтау.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім берү, ақпаратты хабарламаны жариялаған күнінең бастап және аукцион өтүге 24 сағат қалғанда аяқталады

Аукционға қатысушының аукциондық нөмірге билетін айырбастап 2021 жылғы «9» тамызға сағат 13-00 сағатқа дейін мына мекенжайы бойынша: Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин  көшесі, 4, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залы.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыру қажет:

  • Аукционға қатысуға арналған өтінімді;
  • кепілдік жарнасының төлегенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
  • өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжатты.

Құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеруге түпнұсқаларын көрсетеді.

Анықтама телефоны: 49-0-32.