Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 14 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 104 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,58 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 29, Рудный қ. - 20, Арқалық қ. – 15, Лисаков қаласы, Амангелді және Мендықара аудандарында 6 – дан, Әулиекөл, Денисов және Федоров аудандарында 4 – ден, Қарабалық ауданы – 3, Жангелді, Қостанай және Б.Майлин аудандарында 2 – ден, Науырзым ауданында – 1.

63 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 38 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 62 адамда ауру белгілері болды, 42 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 14 шілде аралығында COVID-19-дың 17784 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны –16669.