Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 15 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 116 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,65 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 29, Рудный қ. - 23, Арқалық қ. – 22, Жітіқара қаласы және Қостанай ауданында 7 – ден, Амангелді және Сарыкөл аудандарында 5 – дан, Денисов және Мендықара аудандарында 4 – ден, Әулиекөл және Б.Майлин аудандарында 3 – ден, Федоров ауданы – 2, Алтынсарин және Қамысты аудандарында – 1.

93 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 7 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 99 адамда ауру белгілері болды, 17 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 15 шілде аралығында COVID-19-дың 17900 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны –16742.