«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсын жариялайды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсын жариялайды
  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (әрі қарай – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым. 

 

  1. Конкурс жөнінде

Оператор Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі - ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының 12 сәуір 2005 жыл №36-III «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады. 

Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған ҮЕҰ-ны қоспағанда, ҮЕҰ дерекқорында мәліметтері бар, Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес грант алу үшін өтінім жасаған ҮЕҰ қатыса алады.

 

Толық ақпарат...