Бейбіт күн жасасын әлемде

Бейбіт күн жасасын әлемде

Қазақстанда 9 мамыр Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. Осы атаулы мерекеге байланысты бүгін Алтынсарин аудандық мәдениет үйінде карантиндік талаптарға сай Ұлы Отан және Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге, Тыл ардагерлеріне арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты мәдени ошақтың өнерпаздарының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Ардагерлерімізді аудан әкімінің орынбасары Мади Ахмед Дулатұлы және Ауған соғысының ардагері Туткушев Сапаргали Сапабекович құттықтады. Концерт соңында ардагерлерге сыйлықтар табысталды.        

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

 

Аудандық мәдениет үйінің директоры
Бағдат Оспанов