Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 04 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 26 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,17 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 14, Рудный қ. - 4, Алтынсарин, Әулиекөл және Мендықара аудандарында 2 - ден, Арқалық қ., Федоров ауданында 1- ден.

22 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 3 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 22 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 04 мамыр аралығында COVID-19-дың 14843 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 14281.