Жастар істері жөніндегі кеңестің 2021 жылға алғашқы отырысы болып өтті

Жастар істері жөніндегі кеңестің 2021 жылға алғашқы отырысы болып өтті

Осы аптада  аудан  әкімі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің 2021 жылға алғашқы отырысы болып өтті.

Күн тәртібінде жастар ресурстық орталығының  қызметі  және  жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу  бойынша  мәселелер қаралды.  Кеңес мүшелері І тоқсанда атқарылған іс шараларына тоқталып, жұмыс барысында  кездескен  қиындықтармен бөлісті.   

Сонымен қатар  кеңес төрағасы  бірқатар  тапсырмалар беріп,  жастар  арасында  құқық бұзушылықтың алдын алу  бойынша   бірлесе  жұмыс  атқаруды  тапсырды.