Сізге және Сіздің жақындарыңызға позитивті көңіл-күй мен сау эмоционалды тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?

Сізге және Сіздің жақындарыңызға позитивті көңіл-күй мен сау эмоционалды тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?
  • Жаңалықтарды қайда, қашан және қандай көздерден білетіндігіңізді қадағалаңыз. Ақпаратты саналы түрде қарау, негативті жаңалықтарды оқымау стресстен аулақ болуға көмектеседі
  • Өзіңізге көңілсіз, қорқу немес ашулы болу сезімдерін сезінуге рұқсат етіңіз, бірақ бұл эмоциялар сіздің көңіл-күйіңізді күні бойына анықтауға мүмкіндік бермеңіз. Осы жағдайда әзіл сезімі позитивті көзқарасты сақтауға көмектеседі
  • Байланыста болыңыз. Өзін-өзі оқшаулауды сақтау әлеуметтік оқшаулануды білдірмейді. Достарыңызбен және отбасыңызбен байланыста болу үшін технологияны қолданыңыз. Телефон немесе бейне байланыс арқылы жиі байланысыңыз.
  • Балаларға не болып жатқанын түсіндіріңіз. Күнделікті күн тәртібін сақтаңыз, әсіресе балалардың онлайн сабақтарға қатысуы мен үй тапсырмаларын орындауына қатысыңыз
  • Үй жағдайына спортпен айналысыңыздар. Спортзалдың жабылуы сіз үшін физикалық белсенділікті тоқтатуға айналмауы керек
  • Бос уақытыңызды бұрын жасағыңыз келген нәрсеге арнаңыз. Бос уақытыңызды балалармен немесе ата-аналарыңызбен өткізіңіз, онлайн курстар мен тренингтер арқылы біліміңіз бен дағдыларыңызды жетілдіріңіз, кітаптар оқыңыз, фотоальбом жасаңыз.