Covid-19 туралы ақпарат

Covid-19 туралы ақпарат

2021 жылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша Алтынсаринауданында коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 238 жағдайы тіркелді, науқастармен қарым-қатынаста болған 743 адам анықталды.

Оның ішінде:

симптомдары бар-88 адам;

симптомсыз-150 адам;

сауығып кеткен-169 адам

қазіргі уақытта оң нәтиже көрсеткен 69 адам, барлығы ауру ағымының жеңіл дәрежесімен үй карантинінде.

Ағымдағы жылда ауданда COVID-2019 тіркелген 120 жағдайының, симптомдармен- 65, симптомсыз-55, 1196 тұлғадан ПЦР - тест алынды.

Оның ішінде 98 адамда оң нәтиже расталған.

Қаңтар айында КВИ ауруының күнделікті өсуі 0,5-тен 1,9% - ға дейін, орта есеппен1,5%деңгейінде байқалады.

Мониторингтік топтар жүргізген тексерулерге сәйкес санаторлық-сауықтыру объектілері шектеулі режимде жұмыс істейді, орын толтыруы-80% аспайады

«Сосновый бор» шипажайында 19 ақпандағы жағдай бойынша нақты толтырылған 280 орын немесе  жалпы 400 орынның- 70,0% құрайды.

«Жайлау» демалыс базасынданақты толтырылған 15 орын немесе 8,2 %  (жалпы саны - 182 орын), «Деревенька в бору» нақты толтырылған 2 немесе 1,0 % (жалпы саны - 200 орын).Селена 0.

Бұл мекемелерде барлық қажетті профилактикалық іс шаралар сақталады.

Мобильдік топтардың қызметін жандандыру үшін біз олардың құрамын ұлғайттық, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, волонтерлер енгізілді, қосымша автокөлік бөлінді.

Шектеу шараларын бұзушыларды анықтау  бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда және тұрақты түрде бақыланады.

КВИ-ға қарсы вакцина егу жұмыстары басталды 1 кезеңде 15 медициналық қызметкер егілді, соның ішінде «Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ 2 қызметкері.