«Спутник V» вакцинасы туралы не білеміз

«Спутник V»  вакцинасы туралы не білеміз

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау «Спутник V» вакцинасымен тегін негізде жүргізіледі.

 «Спутник V» - адам аденовирусы векторының жақсы зерттелген платформасына негізделген әлемдегі алғашқы тіркелген вакцина. Қазіргі уақытта ол ДДҰ тізіміндегі ең жақсы вакциналардың ондығына кіреді, клиникалық зерттеулердің аяқталуына және жаппай өндірістің басталуына жақын.

«Спутник V» вакцинасының коронавирустық инфекцияның ауыр жағдайларына қарсы тиімділігі 100% құрайды.

«Спутник V» вакцинасының тиімділігі 1 дозадан кейінгі 28-ші күні 91,4% және клиникалық зерттеулер деректерін екінші реттік уақытша талдау нәтижелері бойынша 1 дозадан кейінгі 42-ші күні 95%-дан жоғары. Вакцина қауіпсіздіктің жақсы профиліне ие, елеулі жанама әсерлер тудырмайды.

«Спутник V» вакцинасының Ad26 және Ad5 векторларымен алғашқы вакцинация белгіленген ұзақ иммундық реакцияны қамтамасыз етеді.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі