Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді, сондай-ақ өзге де қызметті жүзеге асырады. Сонымен қатар, «Руханижаңғыру» бағдарламасының«Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 18 ақпанында сағ. 17.00-де Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органдарында Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын онлайн форматта түсіндіру бойынша тікелей-эфир өткіздім.
Жиенбаев Ж.К., Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы әдеп жөніндегі уәкіл, Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары.