Азаматтарды онлайн форматта бірыңғай қабылдау

Азаматтарды онлайн форматта бірыңғай қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша, сондай-ақ өзге де қызметті жүзеге асырады. Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы бекіткен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 20 қаңтарда Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органдарында Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде азаматтарды бірыңғай қабылдауды онлайн форматында өткіздім. Қабылдау барысында басшылардың бағыныстылармен, мемлекеттік қызметшілердің әріптестермен қарым-қатынасына, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы этикасына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі этикалық талаптар туралы сұрақтар қойылды.

Тиісті түсініктемелер берілді.

Жиенбаев Ж.К., Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы әдеп жөніндегі уәкіл, Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары.