Округ және ауыл әкімінің есеп беру кездесуіне ZOOM арқылы бейнеконференция форматында қатыстым

Округ және ауыл әкімінің есеп беру кездесуіне ZOOM арқылы бейнеконференция форматында қатыстым

Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер 2021 жылдың бірінші тоқсанында халықпен есеп беру кездесулерін өткізуі қажет.

Әкімдердің халық алдындағы есебі жыл сайын бірінші тоқсан ішінде өткізіледі.

Осы Жарлықтың негізінде барлық деңгейдегі әкімдер есепті кезеңде елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуы, одан әрі дамудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы халықты хабардар етуге тиіс.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың қаңтар айында барлық деңгейдегі әкімдер Алтынсарин ауданының барлық елді мекендерінде халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді.

Бүгін мен Димитров ауылдық округінің әкімі Дулат Есенжолұлы Нұрбаевтың, Свердлов ауылының әкімі Алексей Сергеевич Балғужиннің есептік кездесуіне қатысып, «Димитров ауылдық округінің, Свердлов ауылының 2020 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған перспективалары туралы» есептерді тыңдадым.

Ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап бердім. Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша жоғарыда аталған әкімдерге аудан ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі дамыту туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі - Жаманов Е. А.