Ақпараттандыру басқармасы басшысының сапары

Ақпараттандыру басқармасы басшысының сапары

Бүгін Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Совхозбайұлы Кашиев келді.

Осы сапардың негізгі мақсаты цифрландыру саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысымен танысу болды. Бұл жұмыстар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, халықты жұмыспен қамту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында жүргізілуде. Сондай-ақ, «Көмек-Аланы» фронт кеңсесінің жұмысына қатысты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ Азамат Совхозбайұлы ХҚКО, аудандық мұрағатқа барды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.