Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы төрт жыл ішінде – 2016 жылғы 4 қазаннан бастап 2020 жылғы 5 қазанға дейін Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдап, айырбастағанын хабарлайды.

Алайда, айырбастау мерзімі аяқталғаннан кейін, соңғы айларда Ұлттық Банктің филиалына азаматтардың бірнеше ондаған өтініштері келіп түсті, әдетте, бұл зейнеткерлік жастағы қарт адамдар, олар қандай да бір себептермен ескі банкноттарды уақытында айырбастауға үлгермеген.

Мұндай жағдай барлық жерде байқалды, осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін 2021 жылғы 1 ақпанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін бұл банкноттарды ауыстыру мүмкін болмайды.