
Мемлекеттік басқару академиясында оқу: мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа мүмкіндіктер
2026 жылғы 21 сәуірде әкімдік ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026–2027 оқу жылына қабылдау мәселелеріне арналған ақпараттық кездесу өтті.
Кадрлық әлеуетті дамыту және мемлекеттік секторды цифрландыру – біздің басты басымдықтарымыз. Кездесу барысында қабылдау ережелеріндегі негізгі өзгерістер мен жаңа білім беру бағдарламалары таныстырылды.
Болашақ талапкерлер нені білуі керек:
Қабылдау науқанының негізгі күндері:
1 сәуір – 1 маусым аралығы — құжаттарды қабылдау (admission.apa.kz порталы арқылы онлайн).
Маусым — конкурстық іріктеу (эссе жазу, сұхбат).
10 шілде — қорытынды қабылдау.
1 қыркүйек — оқу жылының басталуы.
Маңызды талаптар:
«Мемлекеттік саясат» (MPP) және «Халықаралық қатынастар» (MIR) бағдарламалары үшін енді IELTS/TOEFL сертификаты талап етіледі.
MPA (Мемлекеттік басқару) бағдарламасына түсу үшін басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы қажет.
Міндетті түрде QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты (В1 деңгейінен төмен емес) болуы тиіс.
Академия — заманауи басқарушыларды даярлайтын негізгі орталық. Әріптестерімізді кәсіби дамуға және озық білім алуға берілген мүмкіндікті белсенді пайдалануға шақырамыз!
Толық ақпарат және өтінім беру: [www.apa.kz]