
«Мобильный прокурор: азамат» — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының смартфон арқылы прокуратура органдарымен қауіпсіз әрі ыңғайлы өзара әрекеттесуге арналған ресми қосымшасы.
Қосымшаның негізгі мүмкіндіктері:
- құқықтардың бұзылуы туралы электрондық өтінішті бірнеше минут ішінде жолдау;
- таңдалған прокуратура органына жеке қабылдауға жазылу;
- құқық бұзушылық туралы хабарламаны фото, видео және геолокацияны қоса тіркей отырып жіберу;
- іздеуде жүрген тұлғалардың өзекті тізімін қарау;
- іздеудегі адамның орналасқан жері туралы мәлімет жіберу;
- тәулік бойы (24/7) жиі қойылатын сұрақтарға дайын жауаптар алу;
- атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешекті тексеру.