Санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 «Балалар сауықтыру және санаторлық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес санаторлық-сауықтыру ұйымдары белгіленген санитариялық нормалар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санаторлық объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалану процестеріне қолданылады.

Санаторлық ұйымдар мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:

  • аумақтың тиісті санитариялық жағдайын, оның ішінде абаттандыру мен аймақтарға бөлуді;
  • инженерлік жүйелердің (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен қамтамасыз ету, желдету және жарықтандыру) жарамды күйде жұмыс істеуін;
  • санитариялық-гигиеналық режимнің сақталуын, оның ішінде ағымдағы және жалпы тазалау, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді;
  • белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіз және сапалы тамақтандыруды ұйымдастыруды;
  • демалушыларға медициналық қызмет көрсетуді, оның ішінде денсаулық жағдайын бақылауды және эпидемияға қарсы шараларды уақтылы қабылдауды;
  • міндетті медициналық тексерулерден және гигиеналық даярлықтан өткен персоналды жұмысқа жіберуді.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда санаторлық объектілерді пайдалануға жол берілмейді.

Санитариялық талаптарды сақтау – демалушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі.

«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет