
Құрметті Алтынсарин ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 19 наурызда Силантьевка ауылының мәдениет үйінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейінгі кезеңде Наурызды мерекелеуге орайластырылған "құқықтық киіз үй" жалпы облыстық акциясы өтеді. Сіз заңнама, әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары, тұрғын үй, жер мәселелері, сондай-ақ өзге де өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер ала аласыз.