ДДҰ «Салауатты жұмыс орындары» жобасы

ДДҰ «Салауатты жұмыс орындары» жобасы

Салауатты жұмыс орны – денсаулықты сақтауға және жақсартуға ықпал ететін, кәсіптік аурулар мен жарақаттардың алдын алатын, жұмыс ортасын физикалық жағдайдан психоәлеуметтік, соның ішінде өмір салтын, мінез-құлқын және денсаулыққа деген көзқарасты жақсартатын орын.

Жобаға қатысудің себептері

  • Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру.

Жобаға қатысу өнімділік пен орындалатын тапсырмалардың сапасына тікелей әсер ететін салауатты, ынталы және адал команданың қалыптасуына ықпал етеді.

  • Аурулар мен жарақаттардың санын азайту.

«Салауатты жұмыс орны» қағидаттарын жүзеге асыру қолайсыз факторларды уақтылы анықтауға және жоюға, еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіптік ауруларды азайтуға мүмкіндік береді.

  • Корпоративтік мәдениет пен ұйымның имиджін нығайту.

Қызметкерлердің денсаулығын сақтау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыратын компаниялар жауапты жұмыс беруші ретінде қоғамда оң имидж қалыптастырады.

  • Заң талаптарын сақтау.

Жоба еңбек қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және аурулардың алдын алу салаларындағы стандарттарды енгізуге ықпал етеді, бұл айыппұлдар мен тексерулер қаупін барынша азайтады.

«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет