
Кездесулер барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары шығарылып, өзекті мәселелер қаралды және алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, олар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Барша тұрғындарға белсенділік танытқандары, бейжай қарамай, өз елді мекендерінің дамуына қызығушылық білдіргендері үшін алғысымды білдіремін.