
Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан өрттер жиі орын алады.
Автокөліктерді газ тәрізді отынға жаппай көшіруді ескере отырып, Алтынсарин ауданының ТЖБ ескертеді.
Газ баллондық жабдықпен (ГБО) жабдықталған автокөлікте мыналарға тыйым салынады:
* газ баллонының тексеру мерзімі өтіп кеткен көлік құралын пайдалану;
* газ жабдығы ақаулы болғанда және газдың ағуы кезінде қозғалтқышты іске қосу;
* қоректендіру жүйесінде газ бар кезде жөндеу жұмыстарын жүргізу;
* баллон толтырылған кезде ГБО қосылыстарының бекітпелерін тарту;
* қысым астындағы арматураны ұру;
* ақаулы ГБО-сы бар автокөлікті жабық үй-жайға қою;
* қозғалтқышты газбен іске қосу, гаражға газбен кіру және шығу;
* вентильдері ашық тұрған газ баллонды автокөлікті гаражда сақтау;
* баллоннан және ГБО жүйесінен газды үй-жай ішінде шығару;
* ГБО қосылыстарының тығыздығын отпен тексеру;
* ГБО-ны толтыру кезінде газ толтыру шлангысының жанында болу.
Газдың ағуы анықталған кездегі әрекеттер:
* автокөлікті адам аз жерде тоқтату;
* от алдыруды өшіру;
* шығыс вентилін жабу;
* жолаушыларды түсіру;
* бензинге ауысып, мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станциясына (СТО) бару.
Өрт туындаған кездегі әрекеттер:
* дереу от алдыруды өшіру;
* шығыс вентилін жабу;
* өртті өрт сөндіргіш немесе құмның көмегімен сөндіруге әрекет жасау.
Алтынсарин ауданы ТЖБ
аға анықтаушысы
Тайшиков М.А.