
Қостанай облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. 2026 жылдың қаңтар айында облыста қызылшамен ауырған 58 жағдай тіркелді. 2025 жылдың қаңтарында бір жағдай болды. Бұл 57 жағдайға өскенін көрсетеді. Ауруға шалдыққан балалар негізінен қызылшаға қарсы егілмеген. Қостанай қаласында – 24, Рудный қаласында – 2, Арқалық қаласында – 23, Лисаков қаласында – 1, Қостанай ауданында – 4, Амангелді ауданында – 2, Әулиокөл ауданында – 1, Ұзынкөл ауданында – 1 науқас балалар тіркелген.
Осыған байланысты «Қызықшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы қосымша егу жүргізу» 6 айдан 10 айға дейінгі 29 күнге дейінгі балаларды қосымша егу жүргізілуде;
Ауру жұқтырған балалардың көпшілігі қызылшаға қарсы екпе алмаған. Ауданда қызылша ауруы тіркелген жоқ.
«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет