
2026 жылғы 13 ақпанда «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында Алтынсарин ауданында білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында агитбригадалардың аудандық байқауы өтті. Байқауға аудан мектептерінен 12 команда қатысты.
Бағалау критерийлері қатаң болды: тақырыпқа сәйкестік, мәселені ашу тереңдігі, көркемдік шеберлік, тың идея, сондай-ақ команданың ұйымшылдығы мен бірлігі.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Гран-при – Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ (мемлекеттік тілде) және Больше-Чураков ЖББМ (орыс тілінде).
I орын – Краснокордон ЖББМ және Мәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков ЖББМ.
II орын – Зуев ЖББМ және Свердлов ЖББМ.
III орын – Докучаев ЖББМ және Қарағайлы ЖББМ.
Сонымен қатар шығармашылық рухты қолдап, әр ұжымның ерекшелігін атап өту мақсатында қазылар алқасы арнайы номинациялар тағайындады. «Ең ерекше сценарий», «Үздік командалық жұмыс», «Тақырыпты терең ашқаны үшін» және «Жарқын әртістік шеберлік» номинациялары бойынша командалар грамоталармен марапатталды.