- шетелдік елдерге сапарды жоспарлау кезінде эпидемиологиялық жағдайды алдын ала зерттеу;
- шетелге шығудан бұрын медициналық маманмен кеңес алу ұсынылады. Қажет болған жағдайда алдын алу вакцинациясын жасау;
- жарқанаттармен және басқа да жануарлармен байланыстан аулақ болу;
- жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептикалық құралдарды пайдалану;
- тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу;
- шикі финик шырынын және жануарлармен ластануы мүмкін тағам өнімдерін тұтынбау;
- жемістер мен көкөністерді пайдаланар алдында мұқият жуу және тазалау;
- сапардан кейін дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жөтел немесе басқа да белгілер пайда болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну және дәрігерге қауіп аймағында болғаны туралы хабарлау.
«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет