
Алтынсарин ауданында кадрлық өзгерістерге байланысты кеңес өтті, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 23.12.2025 жылғы бұйрығымен Бауыржан Асылжанұлы Ғаббасов Алтынсарин ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Прокуратура органдарында қызметін 2010 жылдың наурыз айында Рудный қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
2013 жылғы қаңтардан 2015 жылғы шілдеге дейін Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасында прокурор, аға прокурор болып жұмыс істеді.
2015 жылғы шілдеден 2018 жылғы тамызға дейін Қостанай облысы Б. Майлин ауданы прокурорының орынбасары.
2018 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі болып тағайындалды.
2019 жылғы шілде мен 2023 жылғы маусым аралығында Қостанай облысы Денисов ауданының прокуроры.
2023 жылғы маусымнан 2025 жылғы желтоқсанға дейін Қостанай облысы Прокуратурасы басқармасының бастығы.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 15 жылдан асады.
Сынып дәрежесі-аға әділет кеңесшісі.