Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар Президентті, Парламент Мәжілісін және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде сайлаушылар тізімдерін жасайды.

Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ оның қандай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін нақтылауға құқылы.

Егер Сізге тұрғылықты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, сіз (сайлауға 30 күн қалғанда 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей) өзіңіз уақытша жүрген жердегі әкімдікке сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Cайлаушылар тізімінде өзіңіздің мәліметтеріңізді нақтылау бойынша, сондай-ақ тізімнен алып тастауға немесе қосуға байланысты ақпаратты, Call-орталығынан алуыңызға болады: 34-1-94, 34-2-03.