Алтынсарин ауданында «Заң және жасөспірім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Алтынсарин ауданында «Заң және жасөспірім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Алтынсарин ауданында «Заң және жасөспірім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 13 қараша күні Алтынсарин ауданының 16 білім беру ұйымы базасында «Заң және жасөспірім: кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» атты ауқымды дөңгелек үстел өтті. Іс-шара құқық қорғау органдарының және басқа да мүдделі қызметтердің өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына 8–11-сынып оқушыларын және педагогикалық қызметкерлерді қоса алғанда, 526 адам қатысты.

Пікірталас барысында кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар құқық қорғау органдарының өкілдеріне сұрақтар қойып, нақты жағдайларды талқылап, құқыққа қарсы әрекеттердің құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат алды. Ерекше назар киберқауіпсіздікке және интернет кеңістігіндегі жауапкершілікке аударылды.

Алтынсарин ауданының білім бөлімі белсенді азаматтық ұстанымы мен жастардың құқықтық тәрбиесіне қосқан үлесі үшін барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді. Осындай іс-шараларды өткізу аудан көлемінде заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына ықпал етеді.