Тұрмыстық химиялық заттармен уланудың алдын алу
Химиялық заттармен улану әртүрлі жағдайларда болуы мүмкін. Көбінесе улы әсерлер тұрмыстық химиялық заттардан (жуу, тазалау, ыдыс жуу және т.б.) немесе тыңайтқыштар – ұқыпсыз жұмыс істеген жағдайда, сондай-ақ өндірісте қолданылатын дәрілік заттар, бояулар және химиялық қосылыстардан болады.
Химиялық заттармен уланудың алдын алу шаралары
- Балалардың химиялық заттарға қол жеткізуінің кез келген мүмкіндігін болдырмаңыз, алғашқы медициналық көмек қобдишаларын, тазалау және зарарсыздандыру құралдарын, сірке суын, спирт, бензинді және т.б. қауіпсіз, толығымен жабық жерлерде сақтаңыз; Ешқашан балалар қателесіп ішуі мүмкін сусын бөтелкелеріне қауіпті сұйықтықтарды құймаңыз;
- Дәрілік заттарды тамақ өнімдерінен бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе дәрігер тағайындаған дозадан асатын дәрілерді қабылдамаңыз
- Тұрмыстық химия құралдарын нұсқаулыққа сәйкес қатаң түрде сай қолданыңыз;
- Әрбір тұрмыстық химияның заттаңбасы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Химиялық заттармен уланған жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек.
«Алтынсарин аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы »РММ басшысы
А.Ж.Әлмағанбет