Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясындағы дөңгелек үстел

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясындағы дөңгелек үстел

«Қазақстан жастары фракциясы» ҚҚ ағымдағы жылы «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің «Тіл татулық тірегі» жобасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыруда.

Жобаның мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттауға және түсіндіруге бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесін, жастар арасында қазақ тілінің қажеттілігі мен беделін тиімді нысандарды пайдалана отырып арттыру.

Жобаны іске асыру барысында «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ жоспарлау, талдау және ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы Кенжеғали Әмірғалиұлы Бимағамбетовтың қатысуымен мемлекеттік тіл саясаты, Мемлекет басшысының тілді дамыту бөлігіндегі Жолдауы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. тілдерді дамыту тұрғысындағы жолдаулары туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

25 қыркүйек күні Обаған ОМ, Зуев ОМ және О.Шипин орта мектебі үшін «Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі» жобасын ілгерілету бойынша 3 семинар-тренинг өткізілді.