Қарақат Башанова - Junior Eurovision 2020 байқауының финалисті

Қарақат Башанова - Junior Eurovision 2020 байқауының финалисті

Қарақат Башанова Junior Eurovision-2020 халықаралық байқауының Ұлттық іріктеуінде жеңіске жетті. Шешім қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданды.

12 жастағы сайыскер "Forever" композициясын орындады, оның барысында қазылар алқасы эмоцияны ұстай алмады.

Қарақат 5 жасында вокалмен айналыса бастады. Қазір Күләш Байсейітова атындағы РССМШИ музыка мектебінде оқиды.

12 финалист еліміздің танымал композиторларының өздері үшін арнайы жазған авторлық әндерін орындады.